Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (92)

Әпкең барда

Әпке - деген қандай жақсы,
Соңынан бір қалмайсың.
Киімін киіп,​ затын алып,
"Тез келем" - деп алдайсың.

Толық

Жігіттерге

Жігітті айтса, жымимайтын қыз бар ма?
Ер-азамат керек мынау жалғанда...!
Айдай ару болсаң-дағы жаныңда,
Бір азамат жүрмесе егер не пайда?!

Толық

Жақсы адамдар

Жақсы адамды көре қалсам тілеймін,
Ұзақ өмір сүргей-деп!
Жақсы адамдар -​ нұрдан тамған тамшылар,
Жан дүниесі тым бөлек.

Толық

Қызыма кеңес


Енең - анаң емес,
Бірақ сен қорқатындай адам емес!
Ол сенің ақ тілеушің, жанашырың,
Ендірме жүрегіне күдікті егес!

Толық

Жар іздеген жігітке

Ару емес,​ ақша іздеген жігіт көп,
Үйленуге қолайлы.
Ақылың мен абыройың тиын көк,
Жағдайыңа қарайды.

Толық

Орамал

Хауа анамнан мұра болған орамал,
Аруларға пана болған орамал.
Періштедей пәк қыздардың басында,
Тазалыққа күә болған орамал.

Толық

Ата-анаға арнау

Мейрімі күндей Анашым,
Жыр жазады балашың.
Өзіңе айтам мың алғыс -
Қатайды міне қанатым!

Толық

Туған жер


Әлі есімде,​
алғаш табан тиген бел,
Жығылғанда маңдайымнан сүйген жер!
Бұйра жондар тосып томпақ арқасын,
Самай шашпен ойнаушы еді ерке жел!

Толық

Келін болу

Келін болу - мүлдем басқа күйге ену,
Танымайтын, жаңа ортаға үйрену.
Еркелікті, тік мінезді сындырып,
Үлкендерге қызмет ету, имену.

Толық

Бозбаланың сөзі

Арланға түсер қыранмын,
Айқассам жеңер ұланмын.
Дұшпанның құтын қашырар,
Алаш - деп айтқан ұраным!

Толық

Ұлыма

Ұлым менің!
Сен менің сәуле шашқан күнім бе едің.?!
Сен маған "Анашым"- деп,​ күлімдедің,
Мен саған бақыт тілеп, күбірледім.

Толық

Ақ босаға аттағанда

Ақ босаға аттағаным есімде...
Ақ орамал бүркеп аппақ жүзімді.
Ақшыл жүзді анам келіп бақ тілеп,
Ақ ниетпен айтқан аппақ тілекті.

Толық

Тіл - апат

Адам болып басқаннан соң жер бетін,
Ешкім сірә "періштемін" демесін.
Күнаһармыз барлығымыз,​ әлсізбіз -
Рахман Өзі кешірмесе пендесін!

Толық

Ақша

О ақша, сен не деген кереметсің?
Ұқсамайсың басқаға...
Сен​ - бөлексің!
Құдіретіңе табынып қара түгіл,

Толық

Мен - қазақпын!

Мен - қазақпын!
Тәуелсізбін,​ Азатпын!
Туды міне - көптен күткен ғажап күн!
Орта Азия құрлығына ғажайып​ -

Толық

Әке

Әке, Қасыке, шатақ шал кеттің қайда?
Орның қалды ойсырап... төрде мына...
"Аға"-деуші-ек,
Әжеге табиғи боп...

Толық

Ауыл таңы

Сықыр етіп сыртқы есік ашылып,
Сыртқа шықты әкем киіп етігін.
Сарай жақтан әтеш,​ қораз шақырып,
Сұңқылдаған құстың үнін естідім.

Толық

Ғаламтордан оқимыз

Қане, оқи ғой, балақай,
Білім алу өте оңай!
Ғаламторда пайдалы,
Кеңес берер көп апай.

Толық

Ұстаз деген..

Ұстаз деген - ұлағатты адамдар,
​ ​ ​ ​ Ұстаздарсыз қайдан шықсын даналар?
​ ​ ​ ​ Ұстазыңды құрметте де, білім ал -
​ ​ ​ ​ Ұлы жолды жалғайтұғын балалар!

Толық

Ұлыма

Енді сен емессің жас бала,
Қыздардың қолынан ұстама.
Ол саған сыныптас болғанмен,
Жар болар адам ғой басқаға..

Толық